азақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі бағыттары республиканың (оның әкәмшәләк-аумақтық құрылыстарының) әлеуметтік-экономикалық басымдықтары, макроэкономикалық және фиксалдық тұрақтылықтың мән-жйлары , дүниежүзілік және қазақстандық ішкі тауар және қаржы рыноктрының конъюктурасы , Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі экономикалық әл-ахуалдар мұқият ескеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің негізгі міндеттері мен мақсаттары қатаң сақтала отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстары (жұмсалуы) ұлттық және шетелдік валюталар негізінде, заңнамамен қатаң белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (оның белгілі бір көлемдегі ақша қаражаттары):

1. біртұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге;

2. Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттер түрінде;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргізілетін өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Себебі түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүргізілмейді.



Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығыстарын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

3. тәуекел деңгейінің бірқалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (оның қаражаттарын) жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын республиалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республиасының Үкіметі айқындайды.

Демек, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу институты бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республика-сының Ұлттық қорында жұмылдырылған ақша қаражаттарын қоғамдық-мемлекеттік маңызы басымды әрі көкейтесті мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік дамудың нақтылы мақсаттарына бөлу, беру және пайдалану барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.

Жинақтаушы функциямен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген механизмі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді. Қордың тұрақтандыру функцияларын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді. .
Қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады.
Қорды қалыптастырудың көздері 2001 жылы бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады. .
Қордың жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі бөлігі “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің үлесін сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды.

Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін – 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және түсімдердің жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар – 0,08 %-ын және қосылған құн салығы – 0,02%-ын құрады. .
Қордың шотынан есепті кезеңде мынадай шығыстар жүргізілді:
Республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындарды өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырма) 7509107631,83 теңге аударылды; Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032,45 теңге аударылды. .
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорды сенімді басқару туралы шарттың негізінде оның бір бөлігін сыртқы басқарушыларға беруді қоса алғанда, Қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады.
Инвестициялық кірісті жинақтау және алу мақсатында Қор сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банкі есепті кезеңде Қордың актив-терін, негізінен ақша рыногының құралдарына, атап айтқанда, АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды. АҚШ агенттігінің бағалы қағаздары портфельдің неғұрлым ірі бөлігін құрады . .
Қордың сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі және тиісті конкурс құжаттамасы дайындалады. Тәуелсіз аудиторды сайлау жөнінде жүргізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып анықталды .
Аудиторлық тексеру Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы тұжырымдаған Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Қорды қалыптастыру және пайдалану процестерін жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп: .
Қордан қаражатты республикалық және жергілікті бюджеттерге қайтару механизмдерін жетілдіру және қажет болған кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу; .
“жинақ портфелін” тиімді басқару,

Қордың тұрақтандыру міндетін нығайту,

Қорға ақша есептеу механизмін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

Елбасының ойынша, ұлттық қор заңды тұлға болып табылмайды, шын айтқанда ол Үкіметтің ұлттық банк есепшоттарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып табылады. Қор екі бірдейқызмет атқарады: бірі - жинақтау (болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал екіншісі - тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту).

Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен, жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған соманың 10 пайызынан құралады.

Қорды басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат пен Мәжілістің төрағалары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі санақ комитетінің төрағасы кіретін кеңес шешетін болып келісілді. Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары енген. Ал мұның өзі мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің ешқайсысы қордың активтерін жеке дара пайдалана алмайды. Қорға Парламент бақылау жасайды, демек, ол шын мәнінде халық пен елдің резерві болып табылды.

Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстанның Ұлттық қоры ел халқының мүддесіне қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қор әсіресе бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде қазақстандықтардың көптеген әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді. Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Ұлттық қордың ел мүддесі үшін алдағы уақытта да қызмет жасай беретініне сенім мол.

ОРЫТЫНДЫ

Осыдан жеті жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қам­тамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.

Қа­зір­гі уақытта ел экономи­касының қарқынды дамуы нәти­же­сінде көптеген қаржы инсти­тут­тары қанатын қатайтып, жаңа құ­рылымдар ірге қалауда. Соның ішін­де соңғы жылдар бедеріндегі басты жа­ңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге ба­ғытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таң­да дүние жүзінде мұндай құры­лым­дардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есеп­тегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.

Дәлірек айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы Жолдауының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» деп аталатын 3-інші бөлімінің «3.7 Базовые условия реализации Стратегического плана -2050» деген тарауындамынадай сөздер айтылған: «Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін «қауіпсіздік көпшігі» іспетті болды. Ендігі оның мақсаты – тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болу». Осы бір «Қазақстан 2050 жыл» стратегиясы деген атаққа ие болған құжатта еліміздегі қаржы жүйесінің барынша тұрақты және мейлінше транспарентті (ашық) түрде қызмет етуіне жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударылған.

Сонымен қатар онда енді Ұлттық қордан бюджетке ешқандай несиелердің, ешқандай қосымша трансферттердің болмауға тиіс екені туралы айтылған. Елбасы осындай шаралардың есебінен Ұлттық қор активтерін 2020 жылға дейін90 миллиард долларға немесе жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 30 пайызынан кем болмайтындай деңгейге жеткізу мақсатын қойды.

Жақында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында республика Ұлттық қорында (ҰҚ) жинақталған қаржының мөлшері 16,53 пайызға өсіп, 28,397 миллиард долларға жеткен. Тамыз айы барысында оның активтері 5,14 пайызға ұлғайған. 2016 жылы қаңтар айында республика Ұлттық қорында жинақталған қаржының мөлшері 63,5 млрд. долларды құрады.Сонымен, бұл өткен жылмен (2015 жылы — 73,24 млрд доллар) салыстырғанда 13,3%-ға төмен.Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған.

2016 жылы Ұлттық қор активтері 122,1 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2013 жылы мәлім еткен болатын. «Болжам бойынша, мұнай секторынан түсетін салықтың арқасында Ұлттық қордағы ақша 2016 жылы 122,1 миллиард теңгеге жетуі тиіс», - деді ол Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.Алайда,Ұлттық қордың қаржы мөлшері 122,1 млрд.теңгеге жете ме жетпей ме жылдың соңында көре жатармыз.Бірақ Ұлттық қордағы қаржы мөлшері жылдан жылға төмендеп жатса,жақын арада қалай көтеріледі? Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған. Қазір қорда 63,5 млрд. АҚШ доллары жинақталған.

Ұлттық қор материалдық емес ак­тивтерді қоспағанда, Ұлттық Банк­тегі және Үкіметтің есеп-шо­тын­да шоғырландырылған қаржы ак­тивтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.

Жалпы, Ұлттық қорды құру­дың мақсаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ үшін қара­жат жинақтауды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолай­сыз факторлар ықпалына деген тәуел­ділігін азайту.

Биыл қорға шамамен 10 миллиард доллар бөлінді. Келер жылы тағы 10 миллиард қосылуы мүмкін. Сонда шамаласаңыз, алты жылда қорда 60 миллиард жиналады екен.Қор қаржысы бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады.Нақтырақ айтқанда, тапшылықты емес, мұнайдан түсетін салық пен республикалық бюджеттен жұмсалатын шығынның арасындағы айырманы жабуға жұмсалады. Ұлттық қорда жиналған қаражатқа сәйкес, Қазақстандағы демократиялық күштердің өздерінің тұжырымдамалары бар. Олардың айтуынша, ол қаржылар халықтың тұрмысына, біліміне, денсаулығына жұмсалуы тиіс. Үкімет Ұлттық қордағы қаражатты ел экономикасын тұрақты ұстап тұруға жұмсап жатыр. Экономикамыздың тұрақты болуының кепілі- ұлттық қорға тікелей байланысты болғандықтан, алтын қорымызды жинақтау, әрі еліміздің байлығын сақтау болашақ жастар, біздің қолымызда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.- Алматы: Юрист,2004

2. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы. [Экономика] 2007ж-544б. Оқу құралы.

3. Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.- Алматы: 1999.-188 бет.

4. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж. Оқу құралы.

5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу құралы.

6. Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.

7. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 180б.:

8. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына

арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.

9. Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі

Русско-казахский толковый экономический словарь делового

человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.

10. Төлешова Г.К., Дамыған қаржылық есеп. Оқулық. Алматы.

Экономика. 2005ж.

11. Финансы.Учебное пособие (Под ред. Проф. А.М. Ковалевой).

4 изд. М.: -2000.

12. К.К.Кеулімжаев.,З.Н.Әжібаева., Н.А.Құдайбергенов., А.Ә.Жантаева.

Қаржылық есеп .Оқу құралы. Алматы.Экономика.2001ж.

13. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ. Оралтаев,

Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.

14. Шыныбеков Д.А. Экономическая политика внешнего взаимствования.

15. Әділов Ж.М. Қазынашылық жүйенің бюджет қорларын ұтымды пайдалану мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы жолдауы.

16. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.

17. Казахстан в цифрах. Алматы: Агентство РК по статистике.

18.www.national.kz

19.minfin.kz,afn.kz

20.www.adilet.zan.kz

(Қосымша A)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

р/р № Атауы Сомасы, мың теңге
01.01.2016
1. Ұлттық қордың (бұдан әрі – Қор) есепті кезеңнің басындағы қаражаты (кассалық орындау), барлығы: 13 026 107 161
2. Түсімдер, барлығы: 5 366 850 822
оның ішінде:
- мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) 3 467 394 959
оның ішінде:
корпорациялыкк табыс салығы 1 307 631 762
үстеме пайдаға салынатын салық 81 445 086
бонустар 30 030 811
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (роялти) 956 090 202
экспортқа рента салығы 734 720 100
өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі 357 476 998
қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісім шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі
- мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) 35 883 283
оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсім пұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 12 742 437
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 57 386
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат 23 083 052
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер 408
- республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер 1 368 917
- Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер 1 862 203 663
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер
3. Пайдаланылуы, барлығы: 1 963 658 571
оның ішінде:
- кепілдік берілген трансферттер 1 480 000 000
- максатты трансферттер 475 000 000
- Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу 8 658 571
4. Қордың есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты, барлығы: 16 429 299 412

www.minfin.kz

Қосымша Б

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы 2014 жылы 2015 жылы
Активтер
Ақша және оның баламалары 49 161 183 272 866 927
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары 3 258 923 673 2 458 210 937
Туындықаржықұралдары 4 901 962 948 566
Дебиторлықберешек 1 259 171 2 566 498
Активтердіңбарлығы 3 314 245 989 2 734 592 928
Міндеттемелер мен таза активтер
Туындықаржықұралдары 2 466 448 1 057 676
Кредиторлықберешекжәнеесептелгеншығыстар 2 408 017 2 647 344
Міндеттемелердіңбарлығы 4 874 465 3 705 020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер 3 309 371 524 2 730 887 908

minfin.kz

Қосымша В

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп .

Баптардыңатауы 2014 жылы 2015 жылы
Кірістер
Сыйақытүріндегікірістер 73 553 658 41 106 540
Дивидендтертүріндегікірістер 12 152 166 6 512 527
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардықоспағанда, пайданемесешығынарқылыәділқұнбойыншаескерілетінқаржықұралдарынантүсетінкіріс 28 886 584 17 738 988
Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардантүсетін таза кірістер (шығындар) 1 417 922 (12 910 636)
Шетелдіквалюталардықайтабағалау-дан түсетін таза кірістер (шығындар) 89 990 488 61 619 693
Кірістердіңжиыны 206 000 818 114 067 112
Шығыстар
Активтердібасқарғаныүшін комиссия 2 097 832 1 083 937
Кастодиандыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар 193 757 170 354
Аудиторлыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар 14 820 13 000
Кәсібиқызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар -
Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпараттықдерекқордыпайдаланғаныүшінақытөлеужөніндегішығыстар 16 142 20 136
Шығыстардыңжиыны 2 323 550 1 287 427
Таза кіріс (шығын) 203 677 268 112 779 685

minfin.kz

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі (Қосымша С)

Республикалықмаңызы бар қала ауданының бюджеті
Облыстық бюджет
Астана бюджеті
Аудандық (облыстық маңызды бар қаланың) бюджеті
Ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті
Астана ауданының бюджеті
Республикалықмаңызы бар қала бюджеті
Жергілікті бюджет
Республикалық бюджет
Ұлттық қор
Мемлекеттік бюджет
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


7492395661308206.html
7492469203088398.html
    PR.RU™